16.01.2021
АТЫРАУДАҒЫ ЖАСТАР БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ
ҚАЗ
online

ФЕСТИВАЛЬ ТУРАЛЫ

Самғау - бұл әлеуметтік кәсіпкерлік идеяларын көпшілікке таныстыру мақсатында өткізілетін Атыраудағы жастарға арналған бизнес-фестиваль. Фестиваль 2018 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында оған 1000-нан астам мектеп оқушылары мен студенттер қатысты.

Біздің фестивальдің қатысушылары кәсіпкерлік негіздерін жас стартаперлерден және өз кәсібін жүргізудің қыр-сыры туралы айтатын тәжірибелі бизнесмендерден үйренеді. Қатысушылар саналы шешімдер қабылдауға, іс-әрекеттерін ұтымды жоспарлауға және іскерлік тәуекелдерді есептеуге үйренеді.

ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ

12:00
12:30
13:40
15:00
16:15
17:00
18:00
19:00
Фестиваль ашылуы
«50 000 теңгеге жоба жасап,
5 000 000 тг
табыс табудың жолы»
«Abay Oqulary» байқауы
«Мен өз бизнесімді 25 жасқа толмай аштым» фильмінің түсаукесері


«StartUP жанұя» байқауы
«Бизнесті дамытудың төрт тәсілі»
Көрермендер арасындағы жүлде ұтысы
Мирас Жүгінісовтің онлайн-концерті
Уақыт бағанына басып, толығырақ біліңіз

ФЕСТИВАЛЬ АШЫЛУЫ

біздің веб-сайтта
Zoom-конференцияларында
YouTube каналымызда

Біз Атырау уақыты бойынша сағат 12:00-де
бастаймыз!

Фестивальдің тікелей эфирін мына платформаларда тамашалаңыз:

Мастер-класстарға қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет.

Біздің жүргізушілеріміз @galymovich және @Ainur_ilyasova сіздерге күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Маркетолог, Upgrade Group білім беру платформасының негізін қалаушы. Ол және оның командасы 16000 адамды оқытты.

"50 000 теңгеге жоба жасап, 5 000 000 тг табыс табудың жолы"

Мастер-класс тақырыбы:

Біздің спикеріміз Аблай Юсупов бизнесті қалай дұрыс бастауға болатынын және бюджетіңіз аз болғанда не істеу керектігін айтады. Сонымен қатар, ол заманауи стартапқа пайдалы білімді алу жолдарымен бөліспек.

Аблай Юсупов

"Abay Oqulary"

байқауы

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған байқау бейнежазба форматында өтеді. Ақынның өзіңіз сүйіп оқитын өлеңіңізді немесе қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқыған видеоны жіберіп, естелік сыйлықтар ұтып алыңыз. Байқау шарттарын толығырақ мына жерден оқи аласыз.

"Мен өз бизнесімді 25 жасқа толмай аштым"

фильмінің түсаукесері

Сіз Атыраудың жас кәсіпкерлерін білесіз бе? Бұл балалар сіздермен бір мектептен оқыды, ал қазір олар өз кәсіптерінің иелері. Біздің деректі фильм танымал блогердің, аспазшының, шаштараз иесінің және басқа жас кәсіпкерлердің жетістіктері туралы баяндайды. Өзіңіздей жастардың табысқа жету хикаясымен танысып, шабыттаныңыз!

"StartUP жанұя"

байқауы

Бұл үздік әлеуметтік жоба даярлау отбасылық сайысы. Байқауға отбасыңызбен бірге қатысып, кәсіпкерлік қабілеттеріңізді дамытыңыз. Үздік команда Technodom дүкендер желісіне 100 000 теңгелік сертификатын алады.

Байқау шарттарын толығырақ мына жерден оқыңыз.

@kexmarketing агенттігінің негізін қалаушы, @asarume_kz жобасының маркетинг менеджері

"Бизнесті дамытудың төрт тәсілі"

Кездесу тақырыбы

Әлемдік дағдарыс пен цифрлық трансформация дәуірінде маркетинг бұрынғыдан да маңызды бола бастады. Расул Абдуллаев Қазақстанда өз бизнесін дамытудың тиімді жолдары, сондай-ақ тауарыңыздың танымалдылығын мен сатылымын арттыру әдістері туралы әңгімейді.

Расул Абдуллаев

Көрермендер арасындағы жүлде ұтысы

Фестивальдің соңында біз онлайн-трансляция көрермендері арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткіземіз.

Мен жүлдені қалай жеңіп аламын?
  • фестивальге тегін тіркелу
  • @aydi.kz парақшасына жазылу
  • тікелей эфирге қосылу
  • егер сіздің атыңызды жүргізушілер атаса, комментарийде жауап беру
Іске сәт!

Мирас Жүгінісовтің онлайн-концерті

Фестивальде Мирас сүйікті әндеріңізді онлайн-концертте орындайды. Қазақстандағы "Яндекс.Музыкада" ең көп тыңдалған "Әндетемін сені сағынғанда" әнін әртіспен бірге шырқайық!

Фестивальдің мақсаты
әлеуметтік бизнес-идеяларды көпшілікке тарату
стартап кәсіпкерлеріне нетворкинг
жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру
I-SEED 2017 жылдан бастап Атыраудағы жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік пен білімді беруді насихаттайды, қолдайды және дамытады.


Біз туралы

I-SEED Атырау жастарын дамыту бастамасы аясында мына ұйымдармен жүзеге асырылады:

I-SEED мектеп оқушылары, студенттер мен жас кәсіпкерлерге арналған оқу семинарларын, мастер-класстар мен тренингтер өткізеді. «Самғау» бизнес фестивалі - оқушылар мен студенттер арасында кәсіпкерлікті кеңінен насихаттау мақсатында өткізілетін
I-SEED шараларының бірі. Мұнда жастар өз кәсібін ашып, қалаға пайдалы болуды үйрене алады.